Аңыз футболшы Түркия мен Сирияға жүк тиелген ұшақ жіберді

0
254

Ол өз ақшасына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алды. Бұл туралы halyq-uni.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін екі елге гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді.

Ал Daily Mail басылымының хабарлауынша, футболшы өз ақшасына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алған. Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі.

Бұған дейін Роналду 2014 жылы Испанияда науқас баланың операциясына 83 мың доллар төлеген еді. Одан кейін Португалиядағы онкологиялық орталықты қаржыландыруға 165 мың доллар берген болатын. Бұдан басқа, ол әлемнің жер-жерінде тұрмысы нашар отбасылар мен ауруға шалдыққан адамдарға көмек берген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ