Абай атында ғылыми-мәдени орталық ашылды

0
15

2024 жылдың 19 қарашасында Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталықтың ашылуына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.

Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.

Абай атындағы ғылыми-әдістемелік орталықты ашудың мақсаты – Абай университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, «Абайтану академиясы» ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ