Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҒылым-Білім

Абай облысының оқушылары ерекше мобильді қосымша жасады

Семей қаласы №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Айару Рахимбекова мен Ақбота Муратова «Helping Hand App» әлеуметтік маңызы бар мобильді қосымша әзірледі.

Қосымша көру қабілеті бұзылған жандардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған. MIT App Inventor платформасында жасалған жоба дауыстық хабарламалар арқылы ақпарат беріп, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Қарапайым интерфейсі мен ыңғайлы басқару жүйесі пайдаланушыға қолайлы. Қосымшаны телефонға QR-код арқылы жүктеп көшіруге болады.

«Бұл жоба тек технологиялық тәжірибе емес. Біз қосымшаның адамдарға пайдалы болу жағын ойладық. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді оқушылар.

Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Айнұр Сарғызова

Сәйкес жаңалықтар

АҚМАРАЛ НАУАТБЕК — XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

zamandas69@mail.ru

Біз медициналық ынтымақтастық,білім және технологиялар алмасу тұрғысынан бір-біріміз үшін бұрынғыдан да ашық болуымыз керек

«Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті