Айка тізімі: Интимдік қызмет көрсеткендер қандай жазаға тартылады

0
44
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

 – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізімі» қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді.

«Үкім шықты, оған қатысты түсініктеме бермеймін. Интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектеулі, сондықтан әр жағдай жеке қаралады», – деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министрдің бірінші орынбасары клиенттерді де жазалау керектігін қолдайтынын айтты.

Кеше Алматы қаласының Әуезов аудандық соты қоғамды елең еткізген «Айка тізімі» бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Айта кетсек, аталған жайт бойынша Әділет министрі Азамат Есқараев та өз ойын айтқан еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ