«Қайрат» футбол клубының дәрігері ұсталды

0
26
фото: istockphoto.com
Ол әуежайда бомба туралы әзіл айтқан болатын.

Астана әуежайындағы тексеріс кезінде бомба туралы әзіл айтқан ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 28 ақпан күні Астана – Алматы рейсіне мінетін жолаушыларды тексеру барысында жолаушылардың бірі тыйым салынған заттар туралы сұраққа жауап ретінде қалжың түрінде өзінде бомба бар екенін айтқан.

«Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша көліктегі полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», – делінген хабарламада.

Тексеру барысында ер адамның қол жүгінен және жеке заттарынан тыйым салынған ешқандай зат табылған жоқ.

Сәтсіз қалжыңның иесі  – алматылық «Қайрат» футбол клубының дәрігері Дастан Туралиев болып шықты. Оқиға команда «Тобылға» қарсы Қазақстан Суперкубогі матчын өткізгеннен кейін Астанадан Алматыға ұшып бара жатқан кезде болған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Алматыда туыстарының үйін тонаған адам ұсталды (ВИДЕО)

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213