Қайта күшейген коронавирус

Коронавирус індеті күллі әлемді алаңдатқанына үшінші жыл. Денсаулық саласы мамандары жылма жыл аталған кесел түрімен алысып әлек.
0
177

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінетінін айтты. «Биыл індетке қарсы күрес жұмыстарына 100 млрд теңге бөлу жоспарланған. Осы бағытта вакцина сатып алу, науқастарды емдеу, сондай-ақ қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ескерілген». Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі бюджет былтырға қарағанда алты есе төмен екенін нақтыланған.

Бір қуантарлығы, елімізде ковидтан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейген. Кейінгі аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 2,5 есеге өскен.

«Еліміз бойынша коронавирусқа қарсы медициналық көмекті сыйымдылығы 3282 төсектік 139 жұқпалы аурулар ауруханасы көрсетеді. Бүгін 570 науқас стационар жағдайында ем қабылдап жатыр. Науқастардың 58,3%-ы – ересектер. Олардың 40%-ында қосымша аурулар бар. Аурудың көбеюіне қарамастан ауруханаға түскен науқастар аз. Науқастардың 41,7%-ы – балалар, ал бір жасқа дейінгі балалар – 23. Жалпы республика бойынша 180 бала ем алып жатыр», – деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, індет жұқтырғандардың 90 процентінде инфекция жеңіл түрде өтеді. Өлім-жітім дерегі тіркелген жоқ.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ