Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Алан Құрманғалиев Катардағы халықаралық турнирде екі қола медаль жеңіп алды

Қарағандылық үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев халықаралық аренадағы жүлделер қорын тағы да толықтырды. Ол Доха қаласында (Катар) өткен WTT Youth Star Contender үстел теннисі турнирінде сәтті өнер көрсетіп, екі мәрте қола жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, жекелей сында Алан Құрманғалиев бес кездесуде жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, үндістандық Абхинандх Прадхивадхиге жол берді. Нәтижесінде қарағандылық спортшы турнирдің қола медалін иеленді.

Сондай-ақ Алан Құрманғалиев жұптық сында да жүлдеге қол жеткізді. Ол литвалық Игнас Сисановаспен бірге өнер көрсетіп, үшінші орынды жеңіп алды.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада балалар арасында бұқаралық спортты дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Шығыс өңірінде өткен ауқымды live-концертке 12 мыңнан астам адам жиналды

Қарағанды облысында жылқылар қырылып жатыр