«Алматы – Бішкек» автомобиль жолын кеңейту жұмыстары жоспарланған

0
50
Фото: Александр Павский / Kazinform

— «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы Kazinform тілшісінің сауалхатына жауап бере отырып, «Алматы – Бішкек» автомобиль жолын кеңейту жұмыстары жоспарланғанын мәлімдеді.Бұл туралы zamandas.kz хабарлайды KAZINFORM-ге сілтеме жасап.

Ұлттық компания мәліметінше, «Алтын Орда» базары маңындағы көпір құрылысы аяқталып, кептеліс мәселесі шешілген.

«Алтын Орда базарының маңындағы жолдың ішкі (транзит) бөлігінде көлік қозғалысы бойынша кептеліс мәселесі жойылған. Ал сыртқы немесе екі жақ жол бөлігі базар маңында орналасқандықтан базарға кіріп-шығатын көлік санының көбеюі салдарынан кептеліс пайда болып отырады», — делінген компания жауабында.

«Алтын Орда» базары мен «Апорт» сауда орталығы маңында бірнеше шақырымға созылатын кептеліс кешкі уақытта байқалады.

Алтын орда базары
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

«Республикалық маңызы бар «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының 19-27 шақырым аралығын (ҮАААЖ – Қаскелен) кеңейту жоспарда. Жоспар бойынша қозғалыс жолақтары санын алты-сегізге жеткізе отырып кеңейту, үш жерде әр деңгейдегі жол айрығы («таға» типті кері бұрылыс) және жол үсті жаяу жүргіншілер өткелдері қарастырылған»,- деп атап өтті ҚазАвтоЖол өкілдері.

Қазір жобалық-іздестіру жұмыстарына конкурус жарияланды. Жобаны іске асыру 2025-2027 жылдары көзделген.

«Сонымен қатар, үстіміздегі жылы аталған жол бөлігіне тағы бір әр деңгейдегі жол айрығы («таға» типті кері бұрылыс) нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға дайындық жүргізіліп жатыр»,- деп түсіндірді компаниядан.

Эстакаду возле рынка «Алтын Орда» под Алматы ввели в эксплуатацию
Фото: ҚазАвтоЖол

Осыған дейін «Алтын орда» базары маңындағы «Алматы-Райымбек» учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада пайдалануға берілген болатын.

Мамандар, Алтын орда», «Барлық» базары мен «Молл Апорт» сауда – ойын-сауық орталығының орналасқан жері ескерілгенін және эстакадада қозғалыстың ашылуы жол учаскесінің өткізу қабілетін арттырып, халыққа қолайлы жағдай жасайтынын атап өткен еді.

Полиция департаментінің мәліметінше, 10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль кіреді. Ал, облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді.

Осылайша, мегаполис көшелерімен күн сайын 700 мыңнан астам машина жүреді. Бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 млн адам.

 

дорога
Фото: ҚазАвтоЖол

ПІКІР ҚАЛДЫРУ