Алматы облысында құны 1,3 млрд теңге болатын темекі жойылды

0
97
фото: mixyfotos.ru

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 миллионнан астам шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы тапты, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңге, ал төленбеген акциз сомасы 580 млн теңге болатыны анықталды.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.

Ведомствоның мәліметінше, өзге ақпарат жария етілмейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ