Алматы су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 10 см – ТЖД

0
54
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Спикердің сөзінше, қаладағы су айдындарының маңына тыйым салу және ескерту туралы 38 белгі қойылған. Мегаполисте қыс маусымында қауіпті 8 өзен-көл бар.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласында ауа температурасы 2-4 градус жылы. Әдетте, мұндай температурада мұз жұқа болады. «Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес алдағы аптада ауа температурасы 6-дан 12 градусқа дейін жетеді. Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 10 см, бұл мұздың үстінен өту үшін қауіпті», – дейді Әнуар Юсупов.

Айтуынша, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ