Алматы әуежайында Қытай азаматына айыппұл салынды

0
50
Фото: polisia.kz

Алматы әуежайында заңнама бұзған Қытай азаматына айыппұл салынды, 

Тбилиси-Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ жанында темекі шеккен шетелдік жолаушыны анықтады. Ал ондай әрекетке Қазақстан заңнамасы бойынша тыйым салынған.

Тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 24 жастағы азаматы анықталды. Құқық бұзушы белгіленбеген орындарда темекі тартқаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 32 мыңнан астам құқық бұзушыны жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде белгіленбеген жерде темекі шеккен 1021 азамат бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ