Алматыда балаға дөрекі мінез көрсеткен балабақша тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді

0
117
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаға дөрекі мінез көрсеткен видеосы шықты. Қалалық білім басқармасы бұл жайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Балабақшада балаға дөрекі мінез көрсеткен видео Kozachkov offside Telegram арнасына шықты. Онда оқиғаның «Чудо сад» жеке балабақшасында болғаны жазылған.

Алматы қалалық білім басқармасы аталған балабақшада баламен дөрекі қарым-қатынас жасау фактісі бойынша ата-аналар 30 қарашада Наурызбай ауданының полиция басқармасына жүгінгенін атап өтті.

“Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Тәрбиеші мен оның көмекшісі тергеу аяқталғанға дейін қызметтен шеттетілді”, – деп түсінік берді қалалық білім басқармасы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ