Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Алматыда есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсе ашылды

Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл іс-шара «Esbol Qory» қоғамдық қорының («Есірткісіз Болашақ» ҚҚ) бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фронт-кеңсенің мақсаты мен қызметтері:

— Жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді өмірлік дағдыларға үйрету;
— Кешенді және жүйелі алдын алу шараларын өткізу;
— Есірткіге қарсы белсенділерді БҰҰ стандарттарына сай даярлау;
— Алматы қаласындағы есірткі ахуалын бақылау және алдын алу шешімдерін әзірлеу.

Осындай фронт-кеңселердің құрылуы – қоғамда тұрақты есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.

Фронт-кеңсе Алматы қаласы, Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайында орналасқан.

 

Сәйкес жаңалықтар

Обновленная Конституция укрепляет основы государства и права граждан

Коллектив ТОО «Родина» выражает поддержку проведению республиканского референдума

zamandas69@mail.ru

QOSTANAI TECH в разгаре: в Костанае проходит крупнейший семейный научно-инновационный фестиваль

zd_admin