Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды

0
16

Алматы қаласында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Төрт күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытында ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, 1 040 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 132 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауына байланысты болды. Осы санат бойынша 811 шетелдік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, шетел азаматтарының заңды түрде болуын қамтамасыз етпегені үшін 198 қабылдаушы тұлғаға әкімшілік шара қолданылды. Ал шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған 31 жұмыс берушіге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Іс-шара барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі әшкереленіп, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.

Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар көші-қон саласындағы тәртіпті жүйелеуге және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

— Негізгі мақсат — тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Біз барлық қатысушылардың жауапкершілігін назарда ұстаймыз: шетел азаматтары да, оларды қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер де заң талаптарын сақтауға міндетті. Заң — баршаға ортақ, — деді полиция қызметкері.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213