Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Алматыда кино түсіруге бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды

Фото: kazakhfilm.kz

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Алматы қаласының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр», – деп хабарлады прокуратурадан.

Сәйкес жаңалықтар

9 мың гектар жайылым бір отбасының меншігіне өтіп кеткен – депутат

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді