Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда құрылысшылар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Алматыда Құрылысшылар күніне орай құрылыс саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Мемлекет басшысының атынан марапаттарды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов салтанатты түрде тапсырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылы 6 тамыздағы №953 Жарлығымен «Құрмет» ордені «Ренессанс Констракшн Строй» компаниясының 5-разрядты арматуршысы Жарас Жұмағұлов пен «СП NEFT» мекемесінің директоры Нұрлан Қадырбековке берілді.

«Еңбек Даңқы» орденінің III дәрежесі «AK Construction Company» мекемесінің тас қалаушылар бригадасының тас қалаушысы Жетпісбай Нақысбековке табыс етілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Global Construction kz» компаниясының дәнекерлеушісі Мақсат Айғанатов; «Алматыбасжоспар» серіктестігінің қала құрылысы жобалау бөлімінің бас жобалаушысы Армен Атанесьян; «Allians & Arena» компаниясының техникалық қадағалау инженері Данияр Ахметов; «BI Urban Construction» компаниясының техникалық менеджері Ғабит Дәулетбеков; «Диал-Строй» мекемесінің бас дизайнері Әсем Қастеева; «KazSMU» серіктестігінің бетоншысы Әділет Қатарбаев; «Казстройподряд» компаниясының құрылыс учаскесінің бастығы Жарылқасын Молдашев марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Жартыжылдық қорытындысы: мемлекеттік сатып алуда ОТӨ қолдау шаралары, салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және «Ұлттық қор – балаларға»

Конкур – ол жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі

Жас әртістер көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді