Алматыда Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйде ұсталды

0
139

Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Qumash Telegram арнасында ер адамды полицияның ұстаған сәті тарады. Кадрдан полиция қызметкерлері ер адамды ұстау мақсатында жерге жатқызғанын байқауға болады. Видео авторының айтуынша, полиция ұстаған қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі (шын есімі – Төреғали Алиханов).

Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасы 14 маусымда Майлин көшесінде жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған құрамы 1992 жылы туған азамат А.-ның басқаруындағы “Лексус” автокөлігін тоқтатқанын хабарлады.

“Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді. Ол агрессия көрсетіп, полицияның заңды талаптарына бағынбады. Тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды.

Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды. ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230-бабы 2 -бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады”, – деп мәлімдеді Ішк істер министрлігінің Telegram арнасы.

Анар ҚОНЫС

фото: nur.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ