Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
КультураҚоғам

АЛМАТЫДА ТҮРІК БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде (АГЭУ) Дюзджe университетінің Түрік білім, ғылым және мәдениет орталығының ресми салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Дюздже университетінің ректоры, профессор, доктор Недим Сербия, сондай-ақ Түркия Республикасының Консулы Рэйзан Ажар қатысты.

  Орталық Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайту үшін жаңа көкжиектерді ашу негізінде құрылды. Студенттерге түрік тілін тегін үйренуге, қосымша инклюзивті білім беру бағдарламасына қатысуға және қос диплом алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар екі ел арасында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру іс-шараларын өткізуге арналған алаң болмақ.

  Тараптар білім беру сапасын арттыруға және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды дамыта отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Сильнейшие спортсмены по жамбы ату готовятся к 5-м Всемирным играм кочевников

Сюрпризы, скидки и живые истории: чем удивляет KitapFest 2025 на Арбате

Президент Узбекистана передал Президенту Казахстана ряд исторических документов

zamandas69@mail.ru