Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультура

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Алматыда 24-ші Қазақстан халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі — KITF 2026 мәресіне жетті. Үш күнге созылған іс-шараға 6 мыңнан астам адам қатысып, Орталық Азиядағы ең ірі туристік алаңдардың біріне айналды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Көрмеге әлемнің 24 елінен 414 компания қатысты. Алғаш рет Кипр, Моңғолия, Шри-Ланка және Абу-Даби әмірлігі таныстырылды. Бұл қатысушылар ауқымының кеңейіп, Алматыға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Көрмеде Қазақстан атынан 68 компания ұсынылды. Іс-шара іскерлік кездесулер өткізуге, әріптестік байланысты нығайтуға және қаланың туристік әлеуетін ілгерілетуге мүмкіндік берді.

Алматы қаласы Туризм басқармасының туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбиханның айтуынша, мұндай іс-шараларға қатысу кірмелік туризмді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Көрме жетекшісі Виктория Павленконың айтуынша, Алматы шетелдік туристер үшін, әсіресе сауықтыру және wellness-туризм сегментінде, сұранысқа ие бағыт мәртебесін сақтап отыр.

Халықаралық көрмелерді өткізу туристік саланы дамытудың және туристер санын арттырудың тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

Сәйкес жаңалықтар

Звезды казахстанской эстрады объединились в поддержку новой Конституции – народный гимн «Халықтың Ата Заңы»

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития

В Астане открытие Дней культуры Российской Федерации в Республике Казахстан ознаменовалось масштабным гала-концертом мастеров искусств