Алматыдағы жас спортшыларды даярлау жүйесінің тиімділігі

фото:gov.kz
Алматылық спортшы Әлидар Әбдукәрімов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы таэквондодан (WT) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Спортшы 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыс барысында жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. 16 жастағы таэквондошы қарсыласын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол Өзбекстан өкіліне есе жіберді.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жарыс жолында Әлидар бірқатар айқын жеңіске қол жеткізіп, нағыз спорттық мінез көрсетті. Бұл жетістік Қазақстан құрамасының қоржынына қосылған маңызды медаль болып, Алматыдағы жас спортшыларды даярлау жүйесінің тиімділігін айқындайды.
Айта кетейік, әлем чемпионатына 100-ден астам елден мыңға жуық спортшы бақ сынап жатыр. Бұл турнирдегі бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетеді.










