«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

0
166
Дәулет Кәрібек, AMANAT партиясы

«AMANAT» төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

2019 жылы Jas Otan жастар қанатын басқарып, Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабы – Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

2020-2021 жылдары «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы болды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Nur Otan партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.

2022 жылдың наурыз айынан бастап тағайындалғанға дейін «AMANAT» партиясының хатшысы қызметін атқарды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ