Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды

0
130
Фото: Көлік министрлігі

 –  Көлік министрлігінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларын қосатын Орталық-Оңтүстік дәлізінің учаскелерінде қозғалыс ашып, жолды қолданысқа тапсыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бүгін Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды. Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі аралықта жаңа асфальт төселіп, төрт жолақты жол толығымен ашылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тосқауыл қоршауы орнатылды. Қарағанды-Балқаш күре жолының жалпы ұзындығы 363 шақырым.

жол
Фото: Көлік министрлігі

Күре жол I санатқа ие және төрт жолақтан тұрады. Қайта құру жұмыстары аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды. Бұл күре жол толығымен жаңа асфальтпен қамтылды.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ