Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын темір қанжар табылды

0
111
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысында археологтар сақ дәуіріне жататын темір қанжар тапты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Темір қанжар мен рәсімдерге арналған ыдыс Шет ауданында Талды тарихи-археологиялық паркінен табылған. Байқасқа қорымында үш қорған зерттелген. Тарихшылар бұл қорғандар белгілі бір ереже бойынша салынғанын анықтаған. Темір қанжар осы жерден табылды.

«Археологиялық зерттеулер» ЖШС директоры Ерлан Әміровтің айтуынша, табылған қанжар – скиф-сақ триадасына кіретін қару.

Бұл – біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 ғасырлардағы қанжар, сақ дәуірінен ғұн-сармат кезеңіне өту уақытына тиесілі, – дейді ол.

Жұмыс барысында шағын, орта және үлкен қорғандар да табылған. Олардың биіктігі қайтыс болған адамның материалдық байлығын немесе әлеуметтік мәртебесін көрсетеді деп болжанып отыр.

Сондай-ақ керамикалық ыдыс табылды. Оны қандай да бір салттық рәсімге пайдаланған деген қорытынды жасалды. Оған ыдыстың қалай орналасқаны себеп болған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз