Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қарағандылық комик алғашқы ағылшын тіліндегі стендап-концерт түсірді

Қарағандыда Қазақстандағы алғашқы ағылшын тіліндегі стендап-спешлдің түсірілімі өтті. Оның авторы әрі орындаушысы — комик және стендап-продюсер Шұғыла Сағынбекова.

Ұзақтығы 32 минуттан тұратын видео еліміздегі алғашқы ағылшын тілінде дайындалған стендап-концерт болып саналады. Бейнетүсірілім мен монтажды жергілікті продакшн-студия жасады.

Бұл жоба — Шұғыла 2023 жылдың соңында Қарағандыда бастамашы болған ағылшын тіліндегі ашық микрофон кештерінің жалғасы. Сол уақыттан бері ол Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында 10-ға жуық іс-шара ұйымдастырған. 2024 жылдың қарашасында ол Астанада алғашқы жеке концертін берді, оған АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі де қонақ болды.

Жобаның авторы ағылшын тіліндегі стендап Қазақстанның ағылшынтілді мәдени кеңістікте таныла түсуіне ықпал етеді деп есептейді.

Сәйкес жаңалықтар

Дәулет Мұқаев қазіргі жалақысы қанша екенін айтты

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» халықаралық конференциясы мен көрмесі өтті

zamandas69@mail.ru

Олжас Бектенов Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі