Араб еліндегі Құранды түбі түркістандық қазақ өз қолымен жазып шыққан (ВИДЕО)

0
445

фото:дереккөз

Ол Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған

«Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының жетекшісі Аманкелді Еренғайыпұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында Құран Кәрім кітабын тасқа басылғандай мінсіз етіп қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоһәның қазақ екенін жеткізді.

Мен бұл кітапты компьютер шрифтімен терілген деп ойлайтынмын. Сөйтсем, олай емес, бір адамның жазған жазуы екен. Ол адам кім десеңіздер, кітаптың соңында есімі «Әл Хаттаб Осман Тоһә» деп жазулы тұрады. Осман Тоһәні 2010 жылы Қасиетті қағбаға кірген кезде көрген едім. Бірақ ол кезде ол кісінің кім екенін білмедім. Жұрттың бәрі амандасып, қолынан сүйіп жатты. Мен де амандасып, өтіп кеттім. Бір арабтан сұрап едім, «Шейх Осман Тоһә ғой» деді. Ол кезде оның кім екенін білмедім. 10 жылдан соң бір араб видеосында Осман Тоһә туралы айтып жатыр екен. Ол кісіні «Құранды қолмен жазған» деді. Осы сапарымызда, нұрлы Мәдинада Шейх Осман Тоһәнің үйіне зиярат еттік. Жасы 93-те екен. Бір таңғалғанымыз, ол кісі өзіміздің қандас, негізі қазақ болып шықты, – дейді Аманкелді Еренғайыпұлы.

Бұл ретте Осман Тоһәнің өзі үйіне барған қандастарымен қазақша сөйлесе жөнелген. Айтуынша, ол негізінен түркістандық қазақ екен. Араб еліндегі Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударып жазған.

«Мен арабша сөйлесем, ол маған қазақша жауап беріп жатыр. «Сендерді көргенде бабамды көргендей болдым. Менің бабамның түрлері сендерден аумайтын кісі болатын. Біздің ата-бабаларымыз Қожа Ахмет Яссауидан 150 жыл алдында көшіп кеткен» дейді. Сирияға, кейін 80-жылдары Сауд Арабиясына келіп, 3 жыл Құран кітабын өз қолымен жазған екен», – дейді Аманкелді Еренғайыпұлы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ