Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу мәселесі талқыланды

0
151

Президент Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды.

Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, оның еліміздің ірі кен орындарын игеруге үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасына қатысты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Eni S.p.A компаниясы арасындағы қағидалар туралы келісімге қол қойылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ