Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады

0
80
Фото: Wikipedia

Елордада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады,

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек филиалдың Астана халықаралық университеті базасында ашылатынын айтты.

Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Биыл алғашқы 100 студентіміз оқуын бастайды. Филиалды ашуға дайынбыз, – деді министр Ақордада.

Сондай-ақ Бейжің қаласында Қазақстанның мәдени орталығы, ал Астанада Қытайдың мәдени орталығы ашылады.

«Қазақстанның Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіз», – деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Мемлекет басшысы өз рұқсатын берді.

Сондай-ақ екі ел президенті кездесуі барысында Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытына алғашқы көлік керуені аттанды. Керуен еліміздің 8 өңірінен өтіп, бүгін Құрық портына жетті. Бұл бағыт Қытай мен Қазақстан арасында экономикалық және сауда ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ