Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураӨнер

Астанада Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші өтті

Елордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, танымал пианист Серік Еркімбеков «Өмір желі» атты авторлық кешін ұйымдастырды. Концерт Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында өтті.

Бұл кеште композитордың музыкалық шығармашылығы қамтылды. Атап айтсақ, «Өмір желі», «Гауһар», «Жер-Аспан», «Алтын-арқа», «Анаға арнау», «Дархан дала», сондай-ақ опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар халық әндері шырқалып ұлттық билер көрсетілді, академиялық музыка мен дәстүрлі өнер тоғысып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара мемлекет және музыка өнерінің көрнекті қайраткері Жексембек Еркімбековтің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Сахнада бірқатар өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдар, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Gulder» және «Birlik» ансамблдері, «Балдәурен» балалар хоры өнер көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Новая Конституция РК в полном объеме обеспечивает защиту прав и интересов лиц с инвалидностью – Ляззат Калтаева

Человек как главный ресурс: как меняется идеология развития страны

Музыкальный флешмоб «Бақыт деген» прошел в торговом центре MEGA Silk Way в Астане