АСТАНАДА ӨСІМДІК МАЙЛАРЫН РЕГЕНЕРАЦИЯЛАУ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
71

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары бизнес-сектормен әріптестік шеңберінде пайдаланылған өсімдік майын қайта өңдеудің және олардың негізінде жемшөп майларын алудың инновациялық технологиясын әзірледі, – деп хабарлайды zamandas.kz Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым қоры университет пен «Сүлейменов» ЖК арасында байланыстырушы буын болып, жоба ғылым мен бизнесті біріктірудің сәтті үлгісі болып табылды. Жоба коммерциялық құндылықты ашу бойынша Ғылым қорының питчтері арқылы өтті және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің алдында Технологияларды коммерцияландыру реакторында таныстырылды. Бұдан әрі ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын іріктеуге арналған конкурстың қорытындысы бойынша қаржыландырылды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда күнбағыс майын тұтыну өсуде және тоқсан ішінде ауыл тұрғыны орташа есеппен шамамен 3,7 литр май, ал қала тұрғыны 3,3 литр май жұмсайды. Бұл қалдықтардың, әсіресе қайта өңдеуді қажет ететін қалдықтардың көбеюіне әкеледі.

«Біз қайталама майды қайта өңдеу өндірісі Қазақстандағы жемшөп майларының тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетініне сенімдіміз. Біз тек өңделген майларды ғана емес, сонымен қатар өсімдік майларының (қышқыл, кондицияға сай емес) басқа да түрлерін өңдеу, тазарту технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Тазарту үшін әлі де өнеркәсіпте кеңінен қолданыс таппаған Шанқанай кен орнының отандық цеолиттері пайдаланылды», – деп атап өтті жобаның негізін қалаушылар.

Өнімді тұтынушылар құрама жем өндірушілері, құрылыс компаниялары және бояу зауыттары болып табылады. Жоба 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шеңберінде іске асырылуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ