Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнесҚоғам

Астанада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады

Елордалық әуежайда танымал әндердің авторы, орындаушы Jony-ге көшет сыйға тартылды. Сол күні Jony бұл ағашты қаланың ботаникалық бағына отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Jony осындай ерекше әрі мағыналы сыйлық үшін ризашылығын білдіріп, оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларға қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтті.

Боз арша көшеті ботаникалық баққа отырғызылды.

Елордада “Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі” ауқымды экоакция жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл екпелерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т. б. жинау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Елордада Күләш Байсейітованың құрметіне мұрал пайда болды

Астана мен Алматыда 10 күннен бері инватакси қызметі көрсетіліп келеді

Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін