Астанада өткен семинарда БАҚ-пен өзара іс-қимылдың табысты болу құпияларымен бөлісті
Елордада «Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбындағы екі күндік семинар аяқталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және «Медиа Даму коры» КҚ ұйымдастырған іс-шара БАҚ-пен өзара іс-қимылды жақсартқысы келетін мамандарды жинады.
Семинар Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің қызметкерлеріне БАҚ-пен жақсы қарым-қатынас жасауға, заңнамалық бастамаларды түсіндіруге, халыққа сенімді және уақтылы ақпаратты жеткізуге бағытталған.
Спикерлер ретінде мемлекеттік мекемелердің өкілдері, тәжірибелі медиатренерлер және стратегиялық, дағдарыстық коммуникациялар саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Олар қатысушылармен көпшілік алдында сөйлеу, ұйымдардың жұмысын ілгерілету және дағдарысқа қарсы коммуникацияларды басқару бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.
Семинар соңында барлық қатысушылар бағдарламаны сәтті меңгергенін растайтын сертификаттар алды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі