Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.

«Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым»,- дейді оқушы  Бақтығали Ерланұлы.

Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан и ОАЭ договорились о сотрудничестве в области развития и модернизации госуправления

Жас әртістер көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді