Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиОбразование

Астаналық оқушы OiQ интеллектуалдық турнирінің жеңімпазы атанды

Астана қаласындағы Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері Алуа Зұлқарнай республикалық OiQ интеллектуалдық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматы қаласында қазақстандық EdTech-компаниясы JUZ40 ұйымдастырған оқушыларға арналған OiQ интеллектуалдық турнирінің финалы өтті. OiQ атауы «Ақылмен шыңды бағындыр» деген мағынаны білдіреді. Жоба 2025-2026 оқу жылы бойы жүзеге асырылып, оған қатысушылар пәндік біліммен қатар логикалық ойлау, аналитикалық қабілет, жалпы эрудиция және шешім қабылдау жылдамдығы бойынша сынға түсті.

Жеті айға созылған іріктеу кезеңінің нәтижесінде еліміздің әр өңірінен қатысқан 50 мыңнан астам оқушының арасынан 12 үздік қатысушы финалға жолдама алды.

Финал Алматы қаласында «XXI ғасыр көшбасшысы» форматында өтіп, үш кезеңнен тұрды. Әр сұраққа жауап беру үшін қатысушыларға небәрі 40 секунд уақыт берілді, бұл жарыстың жоғары қарқындылығын айқындай түсті.

Интеллектуалдық сайыспен қатар финалистер үшін танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар Көлсай көлі мен Шарын шатқалына саяхат жасап, бірнеше ай бойы олармен жұмыс істеген менторлармен кездесу мүмкіндігіне ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша Алуа Зұлқарнай І орынды жеңіп алып, 1 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді.

Сәйкес жаңалықтар

«Чемпионы на льду»: мировые фигуристы устроили шоу в столице

Қазақстанда қарашада ревакцинация басталады

zamandas69@mail.ru

Послание-2024: исполнение поручений Президента в сфере сельского хозяйства