Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Астаналық спортшы World Boccia Challenger 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды

Елорда төрінде өтіп жатқан Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирінде жерлесіміз Ерхат Алмат BC1 санатында күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Финалдық бәсекеде ол Оңтүстік Кореядан келген қарсыласынан аз ғана ұпай айырмасымен ұтылып қалды. Дегенмен, көрсеткен жарқын ойыны мен табандылығы арқасында халықаралық деңгейдегі тағы бір ірі жетістігіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір елордалық спортшы – Итиана Шыңғысханова ел құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлаған болатын.
Бұл турнир Халықаралық бочча федерациясы (BISFed) аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыс қатысушылары үшін бұл – 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады, әрі рейтингтік ұпайлар таратылады.

Астана төріндегі додаға 14 елден 56 параспортшы келіп қатысуда. Олардың қатарында Оңтүстік Корея, Тайпей, Сингапур, Үндістан, Италия, БАӘ, Өзбекстан, Кипр, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Египет және Қазақстан спортшылары бар.

Әлемдік жарыс барысында спортшылар BC1, BC2, BC3, BC4 санаттарында, сондай-ақ жұптық және командалық сайыстарда бақ сынауда. Турнир 27 тамызға дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Узбекистана передал Президенту Казахстана ряд исторических документов

zamandas69@mail.ru

Делегация Нацбанка во главе с Председателем Тимуром Сулейменовым в рамках участия в Весенних встречах Международного валютного фонда и Группы Всемирного Банка провела круглый стол с представителями торговой палаты США (US Chamber of Commerce).

«Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию