Астық тасымалы артты

0
233

2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында Қазақстан Орталық Азия елдеріне астық тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырды. Былтырғы қазан айынан биылғы қаңтарға дейін қазақ теміржолшылары Сарыағаш шекаралық теміржол қақпасынан 4,3 млн тоннадан астам астық өткізіп үлгеріпті.

Әйткенмен Орталық Азия елде­рі­нің сұранысын бағамдаған мамандар, жөнелтілген астық көлемін әлі де аз деп есептейді. Өкініштісі, Сарыағаш шекаралық бекеті бұдан артық астық өткізуге қабілетті емес. Сондықтан Дарбаза-Мақтаарал жобасын қолға алу жеделдетіліп жатқан көрінеді. Себебі ай сайынғы жаңадан жиналған астық тиеу көр­сеткіші бүгінде 1 миллион тоннадан асып кетіп жатыр.

2022 жылдың қазан айында тиелген 1 миллион тонна астық 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстыра қарағанда 26 пайызға көп. 2023 жылдың қаңтарында жүктелген астық көлемі қазан айы­мен салыстырғанда 22 пайызға артық болып шықты. Осыны ескерген астық тиеушілер дабыл қағып отыр.

Қазақ астығы дәстүрлі түрде еліміздің солтүстік аймақтарынан Орталық Азия елдері мен Қытайға жет­кізіледі. Атап айтқанда, соңғы 4 айда астық экспорты Түрік­мен­станға – 56, Ауғанстанға – 30, Өзбекстанға – 8, Тәжікстанға 10 па­йыз­ға өскен. Ал Қытайға жөнел­тіліп жатқан астықтың көлемі екі есе артыпты.

Көңілдегі бір кіді – соңғы бес жылда елімізге Ресейден теміржол арқылы астық әкелу тым ұлғайған. Мысалы, 2022 жылы 100 мың тон­надан 1,5 млн тоннаға дейінгі астық Ресейден кіргізілген. Осыған қарап Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында Ресей астығының сұр импортының бар екендігі туралы күдік туындайды. Бұл енді – өкілетті органдар еншісіндегі іс.

Астықпен қатар теміржол кө­лік­теріне ұн тиеу ісі де қарқын алып жатыр. Соңғы 4 айда 1,2 млн тонна ұн Орталық Азия елдеріне экспорт­тал­ған. Бұл жетістік өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға дейін өсіпті. Мысалы ұн экспорты Өзбекстанға – 39, Ауғанстанға – 56, Түрікменстанға 6 пайызға артқан.

«Қазір негізгі сұранысқа ие экс­порт­тық бағыт Сарыағаш МАТП арқылы Орталық Азия ел­дері болып саналады. Бүгінде станса өзінің техникалық мүмкін­дік­терінің шегінде жұмыс істеуде. Өткізу қабілетін арттыру үшін және Сарыағаш арқылы тасымалдауға сұраныстың артуын ескере отырып, 2023 жылы Дарбаза-Мақтаарал тармағының құрылысын бастау жоспарланып жатыр», делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен бізге келген ақпаратта.

Сонымен қатар Оазис шека­ра­лық өткелдері арқылы Өзбек­станға, сонау Жаңаөзендегі Бола­шақ арқылы Түрікменстанға, одан әрі Иранға өтетін бағыттар әлі күнге іске қосылмай тұр. Ол бағыт­тың іске қосылмай тұрғаны өкініш тудыр­ғанымен, бұл теміржол же­лісі үнемі перспективалы болып қала береді.

Қазіргі күнде ҚТЖ орталық аппа­ратында және елдің негізгі астық тиеу және астық өңдеу өңір­лерінде тәулік бойғы режімде жедел штабтар жұмыс істейді. Вагондарды беру және жинау мәселелері бойынша ақпаратты жедел қабылдау үшін чатқа экспорттаушы компаниялардың 400-ден астам өкілі енгізіліп, тіркелген. Жүк жөнелтушілерге ыңғайлы болу үшін тауар кассалары тәулік бойғы жұмыс режіміне ауысқан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • ТЫЙЫММЕН ЖҮРУ ТИІМДІ МА?