Атырауда сот судьясы қамауға алынды

0
250
фото:Ашық дереккөз

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалды.

Алаяқтық іс-әрекетке барған судья Қылмыс кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, яғни алаяқтық іс-әрекеті үшін айыпталып отыр.

Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңгені алу кезінде парамен ұстады, – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ