Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Ауғанстаннан 200 адамнан тұратын делегация келді

фото: twitter.com/SZhumangarin

Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жазды.

Министрдің айтуынша, жуырда Астанада B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.

Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар, — деп жазды Серік Жұманғарин.

3-5 тамыз аралығында Астанадағы «Expo Center» көрме орталығында өтетін Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумына келетін ауған кәсіпкерлерінің арасында кілем, сусындар мен асыл тас өндірушілер бар.

Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты сауда-саттық айналымы 1 миллиард долларға жетті. Екі тарап бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Будущее рынка ГСМ: эксперты обсудили вызовы либерализации ценообразования

Токаев выступил на казахско-китайском инвестиционном круглом столе в Сиане

Казахстанцы могут заранее ознакомиться с проектом новой Конституции

zamandas69@mail.ru