Аударыспақтан барлық спортшы финалға шықты
Этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан жарыста үш салмақ дәрежесінде де ұлттық құрама спортшылары финалға шықты
Олар: Есімхан Рахматіллә (90 келі), Сырым Ізбасаров (100 келі) және Біржан Қосалиев (+100 келі). Финал сағат 16.00-де басталады.
Айта кетсек, аударыспақтан алғашқы жарыс күнінде 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек және 80 келіде Дарын Өткелбай алтын медаль алды.