«Ауылда жұмыссыздар өте көп». Облыс әкімі қазақстандықтарға кеңес берді

0
65
Құмар Ақсақалов, фото: ОКҚ

Қостанай облысында 7 тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауылдарда жұмыссыз жандардың өте көптігін айтып, оларды шаруашылықпен айналысуға шақырды.

Өңір басшысының айтуынша, қазір азық-түліктің көбі Қазақстанға шетелден жеткізіліп отыр.

«Бұл өнімдерді өзіміз де шығара аламыз. Мәселен, сүттен 10 түрлі өнім алынады. Бірақ мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың саны әлі аз. Менің пікірімше, жерің болса мал шаруашылығымен айналысу керек. Өйткені ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген азаматтар өте көп. Ал тауарлы-сүт фермалары болса, жұмыс орны көптеп ашылады. Олар іске қосылса, жыл сайын ең кемі 35-40 адам жұмысқа орналасады. Жобаның тиімділігі осында», – деді Құмар Ақсақалов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарын мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

Мал шаруашылығы ата кәсіп қой. Ет пен сүтті өзімізде өндірсек, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеміз. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Сүт пен ет өңдейтін кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Өңірде кемі 10 тауарлы-сүт ферманы салуды жоспарлап отырмыз. Биыл 7 ферманың құрылысы басталды, – деді өңір басшысы.

Дәурен Ерболат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ