Қазақ бокс тарихында бірінші рет егіз боксшылар Олимпиада медаліне таласады

0
150
Коллаж: Kazinform/olympic.kz

 – Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар бір Олимпиадада екі салмақта ел намысын қорғайды.

Бұл туралы KAZINFORM тілшісіне бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді.

«Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде 80 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай мен 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай екеуі бір үйдің баласы. Нақтырақ айтсам, екеуі бір құрсақты тепкілеп бірге туған егіз боксшылар. Міне, екеуі де ұлттық құрама сапында жаттығып, лицензиялық турнирге бірге барды. Екеуі де жолдамаға қол жеткізді. Осылайша қазақ бокс тарихында тұңғыш рет егіз боксшылар Олимпиадада ел намысын қорғамақ», – деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Айбек Оралбай ширек финалда АҚШ боксшысы Джамар Тэллиді ұтып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алса, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта ел намысын қорғап, ширек финалда Ирландия боксшысы Келин Кассидиді 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан алты боксшы аттанып, оның бесеуі Олимпиада жолдамасына ие болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз