Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстері ашылады

0
106

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың екінші жартысында ашылуы мүмкін, деп хабарлады Egemen.kz.

Тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне септеседі.

«Қазақстанның әуе әкімшілігі, Қазақстанның Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, Американың Федералдық әуе әкімшілігінің стандарттарына сәйкес біздің бүкіл авиациялық өнеркәсіптің, демек әуе компаниялардың, әуежайлардың Америка тарапының стандарттарына сәйкес келетінін дәлелдейтін тексерістерден өтуіміз керек. Бұл жұмыс қолға алынды», деді Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев.

Еліміздегі ең ірі ұлттық әуе компаниясы АҚШ-тан ұзақ қашықтыққа ұшатын 3 Dreamliner ұшағын лизингке сатып алу жөніндегі келісімге қол қойған. Қазір Федералдық авиация әкімшілігінің сертификаттау жұмыстары басталды.

Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстан мен АҚШ арасында тез арада әуе қатынасын ашу туралы тапсырма бергенін атап өту керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ