Қазақстан мен Солтүстік Ирландия кездесуі: ЭКСПО аумағында тікелей эфирде көрсетіледі

0
175

«Футбол жолы» спорт фестивалі ЭКСПО алаңында өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.

Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ жиналғандардың алдында M’Dee өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.

Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті жанкүйер қауым ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ