Қазақстан құрамалары үздік үштікке енді

0
9

Саранск қаласында өтіп жатқан өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім ұлдар арасындағы XIV әлем чемпионаты мен жасөспірім қыздар арасындағы X әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының құрамалары өздерінің күшін, табандылығын және жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті.

Бүгінгі жарыста 100 метрлік кедергілер жолағы бойынша сайыс өтті. Қайсар бәсекенің нәтижесінде Қазақстанның жасөспірім ұлдар және қыздар құрамалары командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Жекелей сындарда да спортшыларымыз ерекше көзге түсті.

Тұрсынбай Айша әлемнің үздік төрт спортшысының қатарына еніп, финалға шықты.

Боков Никита шешуші кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, осы дисциплинада әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

25 тамызда жарыстар 4х100 метр өрт эстафетасы дисциплинасында жалғасады. Қазақстан құрамалары тағы да жүлделі орындар үшін және ел намысы үшін бақ сынайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ