Қазақстан туын биікте желбіретті

0
10

Астаналық пара спортшы Қуаныш Рахатұлы пара пауэрлифтингтен әлем кубогында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Грузия астанасы Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогы мәресіне жетті. Дүбірлі додаға 25 елден 134 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын Астана қаласының өкілі Қуаныш Рахатұлы абыроймен қорғап, 54 келі салмақ дәрежесінде 110 келіні бағындырып, 10 қарсыласын артта қалдырды. Нәтижесінде ерлер арасында жекелей есепте күміс жүлдені еншіледі.

Сонымен қатар үш әрекеттің қорытындысы бойынша да күміс медаль иеленіп, Қазақстан туын биікте желбіретті.

Қуаныш Рахатұлы бұл спорт түрімен 18 жасынан бері айналысып келеді. Ол – пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты мен Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазіргі уақытта спортшы әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қарқынды дайындық жүргізуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ