Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

0
44
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

. –  Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында ватерполдан Қазақстан қыздар құрамасы жарысты жеңіспен бастады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы ойында отандастарымыз Шри-Ланкадан 43:4 есебімен басым түскен.

Су добы. Қыздар. 1-ойын. Қазақстан – Шри-Ланка 43:4

Қазақстан құрамасы салған гол авторлары:

10 – Дарина Сембек

6 – Анеля Алтыбасарова

5 – Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко

4 – Яна Смолина, Юлия Дружинина

2 – Аида Алпысбай

1 – Анфиса Журавлева, Ариадна Затыльникова

Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Чемпионатқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынасып, ең көп ұпай жинаған құрамалар жүлдеге ие болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ