Қазақстанда ата-аналар комитетінің жұмысы қайта жасақталады

0
195

Елімізде ата-аналар комитетінің жұмысы қайта жасақталады. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов хабарлады.

2023 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтардың басты мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы диалогты күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысуын арттыруға ықпал ету. Осы уақыт ішінде ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейі үш есеге артқан.

Қазір ата-аналар комитеттерін трансформациялау жұмысы жүріп жатыр, ал қараша айында «мектеп – ата-ана – қоғам» ынтымақтастығын нығайтудың жаңа алаңына айналатын алғашқы Республикалық форум өтеді.

Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігімен нақты шаралар жасалды. Ата-аналар комитеттерінің төрағалары, сынып жетекшілері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өркен» ұлттық балалар әл-ауқаты орталығының сарапшылары қатарынан жұмыс тобы құрылды.

Трансформация бойынша құжаттар топтамасы (ата-аналар комитеттерінің жалпы мектептік, аудандық жиналысын өткізу сценарийлері, қызметтің үлгілік қағидалары, жұмыстың үлгілік жоспары және т.б.) әзірленді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213