Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өзіне қол салды

0
277

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Владимир Седов қайтыс болды. Ақпаратты Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«35 жастағы спортшының денесі өзі тұрып жатқан Қаратал ауданының Достық ауылынан табылған. Денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылған жоқ. Туыстарының мәліметі бойынша, ер адам өзіне қол жұмсаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басшылығының назарында», – деп хабарламада.

Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда қазіргі Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген.

Владимир Седов – 2008 жылы өткен Бейжің Олимпиадасының қатысушысы. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған. Бірақ допинг пайдаланды деп айыпталып, 2019 жылы барлық жүлдесінен қағылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз