Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Қазақстандық спортшылардың табандылығы мен еңбегінің көрінісі

Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өрт-құтқару спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші кезеңі «Өрт сөндіру эстафетасы 4×100 метр» жаттығуы аяқталды.

Қызу дода нәтижесінде Қазақстан Республикасының ерлер құрама командасы 6-орынға, ал әйелдер ұлттық құрамасы 4-орынды иеленді.

Бұл нәтиже жүйелі дайындықтың, командалық бірліктің және қазақстандық спортшылардың табандылығы мен еңбегінің көрінісі. Чемпионатта бәсекелестік деңгейі өте жоғары: әрбір жүзден бір секунд шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Алда әлем біріншілігінің қорытынды және шешуші күні «Жауынгерлік қанат жаю» жаттығуы өтеді. Дәл осы кезеңде жүлделі орындардың нәтижесі анықталып, әлем чемпионатының қорытындысы шығарылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы жоғары кәсібилікті және өрт-құтқару ісіне адалдықты таныта отырып, өз өнерін жалғастыруда.

Сәйкес жаңалықтар

Молодежь Усть-Каменогорска вышла на акцию по очистке города от незаконной рекламы

zd_admin

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА «ОТАНДЫ СҮЮ – ЖҮРЕКТЕН»

Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста