Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеНовости

Қазақстандық трансплантологтар бішкекте өткен халықаралық симпозиумда ел тәжірибесін таныстырды

Бішкекте Орталық Азия, Түркия, АҚШ және Таяу Шығыс елдерінен келген жетекші мамандарды, трансплантолог-хирургтар мен сарапшыларды біріктірген ағза донорлығы мен трансплантаттау бойынша халықаралық симпозиум өтті. Аталған алаң заманауи трансплантологияның негізгі сын-қатерлерін — қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту, жаңа клиникалық тәсілдерді енгізу және заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау орнына айналды.

Симпозиумда Қазақстанның атынан ағзаны трансплантаттау мен донорлығы саласындағы мамандар делегациясы қатысты. Отандық сарапшылар трансплантаттау қызметін дамытудағы тәжірибемен, донорлық үйлестіру жүйесінің жұмыс нәтижелерімен және медициналық практикадағы өзекті мәселелермен бөлісті.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов елімізде бауырды трансплантаттауды дамыту бағытындағы жұмыс нәтижелерін таныстырды.

Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов Қазақстандағы донорлық жүйесінің тиімділігі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, қазақстандық мамандар бауырды трансплантаттаудан кейінгі билиарлық асқынулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ағзаны трансплантаттаудың этикалық және құқықтық аспектілері тақырыбында баяндамалар ұсынды.

Симпозиумға қатысушылар тірі донордан жасалатын трансплантаттау белсенді дамып келе жатқанымен, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты одан әрі дамыту және трансплантаттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі өзекті болып қала беретінін атап өтті.

Іс-шара әлемге танымал трансплантолог Мехмет Хаберал негізін қалаған Түркі әлемі трансплантология қоғамының (TDTD) қолдауымен өтті. Ұйым түркі мемлекеттерінің мамандарын біріктіріп, өңірдегі трансплантаттау медицинасын дамыту мен тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаң ретінде қызмет етеді.

Қазақстан үшін симпозиумға қатысу отандық трансплантология жетістіктерін халықаралық деңгейде таныстыруға және донорлық пен ағзаны трансплантаттау қызметін одан әрі дамыту бағыттарын талқылауға мүмкіндік болды.

Сәйкес жаңалықтар

МИНЗДРАВ НАЗВАЛ ТОП-10 САМЫХ СЛОЖНЫХ И ДОРОГОСТОЯЩИХ ОПЕРАЦИЙ ЗА СЧЕТ ОСМС

zd_admin

Новая Конституция Экологический договор: от закона к жизни

Ильхам Алиев поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за осуждение ударов на аэропорт в Нахичевани