ҚазМұнайГаз еріктілері Атырауға бір тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

0
26
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері KMG Volunteer еріктілер
қозғалысының бастамасымен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен
отбасылар үшін Атырауға гуманитарлық көмек жіберді.
Еріктілер бір тоннадан астам азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-
кешек пен төсек-орын жинады.
«Әр игі ісіміз бен қайырымдылық жолындағы әрекетіміз өміріміздің
мәнін арттыра түседі. Бүгін жиналған гуманитарлық көмекті Атырауға жіберу
арқылы қайырымды әрекет жасап қана қоймай, қиын жағдайға тап болған
жандарға үміт сыйлап, қолдауымызды көрсеттік. Бұл бастамамыз зардап
шеккен отбасылардың қиындығын аз да болса жеңілдетуге, бұл жағдайды
жеңіп шығуға күш береді деп сенеміз», деді волонтер Балдырған
Өмірбекова.
ҚМГ волонтерлері қайырымдылық акцияға атсалысып, қол ұшын созған
жандарға алғыс білдіреді.
Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еңбек ұжымдары
зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына арнап қаржылай және гуманитарлық
көмек жинауды жалғастыруда. ҚМГ еншілес кәсіпорындары қаржылай
көмекпен қатар, арнайы техника бөліп көмек көрсетуде.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Мұғалжар және Алға аудандарының
әкімдіктеріне көлікті жалға алу және дизель отынын сатып алу үшін қаржылай
көмек көрсетті. Компания 22 наурыздан бастап Мұғалжар ауданының Қожасай
кентін электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр (кент компанияның электр
желісіне қосылған).
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе облысындағы Байғанин және Ырғыз
аудандарының, Абай ауылының тұрғындарын эвакуациялау үшін үш жер
талғамайтын автобус бөліп, құтқарушыларды дизель отынымен және
бензинмен қамтамасыз етті. Компания қызметкерлері тұрғындарды
эвакуациялауға тікелей атсалысуда.
«Өзенмұнайгаз» АҚ Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласына
көмек көрсету үшін жүргізушілер мен 19 бірлік көлік техникасын жіберді.
«Ембімұнайгаз» АҚ 25 наурыздан бастап Атырау облысының
аудандарына және Атырау қаласына көмек көрсетіп келеді. Компания 49 бірлік

арнайы техника, 11,5 тонна жанар-жағармай, сондай-ақ қажет болады деген
жабдықтардан 83 мың қап, 4 мың жұп қолғап, 500 бірреттік комбинезон және
400 күрек бөлді. Бұдан басқа, Ембімұнайгаздың 147 қызметкері облыстағы су
тасқыны салдарын жою жұмыстарына тартылды. Бүгінгі таңда ЕМГ аймаққа
көмек ретінде 100 млн теңгеге жуық қаражат пайдаланды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 07.04.2024
арнайы техника, 11,5 тонна жанар-жағармай, сондай-ақ қажет болады деген
жабдықтардан 83 мың қап, 4 мың жұп қолғап, 500 бірреттік комбинезон және
400 күрек бөлді. Бұдан басқа, Ембімұнайгаздың 147 қызметкері облыстағы су
тасқыны салдарын жою жұмыстарына тартылды. Бүгінгі таңда ЕМГ аймаққа
көмек ретінде 100 млн теңгеге жуық қаражат пайдаланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ